429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Риддерде тәртіп сақшысы өртеніп жатқан үйден үш баланы аман алып шықты

  • 345
  • UPD: 21:38, 07.05.2020
Риддерде тәртіп сақшысы өртеніп жатқан үйден үш баланы аман алып шықты

Тәртіп сақшысы оттың арасынан 3 бірдей баланы алып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Риддер қаласында таңғы 05:00 шамасында үйден шыққан өртті полиция капитаны Иван Назаров байқап қалған. Алдынан шыққан әйел іште балалардың қалып қойғанын айтады. Полицей бірден үйге еніп, қою түтінге қарамастан, 3 баланы көрпеге орап, алып шыққан. Тек тәртіп сақшысы өзінің бұл әрекеті жайлы ешкімге тіс жармаған. Тек балалардың ата-анасы алғысын білдіруге келгенде ғана оның көзсіз ерлігі әріптестеріне мәлім болған.

Иван Назаров, полиция қызметкері:

- Балаларды үйден шығарған соң өзімнің қызметтік көлігіме отырғызып қойдым. Ары қарай өрт сөндірушілер келгенше үй иесіне жалынды сөндіруге көмектестім.

 

Хабар 24 телеарнасы