470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Маңғыстау облысында ардагерлерді қолдау шаралары жүйелі түрде жүріп жатыр

  • 858
  • UPD: 22:00, 07.05.2020
Маңғыстау облысында ардагерлерді қолдау шаралары жүйелі түрде жүріп жатыр

Бұл заңды маңғыстаулық аға буын өкілдерінің де көптен күткені рас.

Қазір өңірде Отан соғысына қатысқан 11 ардагер тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 970 адам – тыл еңбеккері. Енді соғыс ардагерлерімен қатар тыл еңбеккерлері де коммуналдық төлемдерден босатылып, қоғамдық көлікте тегін жүреді. Былтыр демеушілердің көмегімен 50-ден астам адамға шипажайға жолдама берілген. Биыл да бұл дәстүр үзілмейді.

Серікбай Төлетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Зейнетақыдан басқа табысы аз сондай адамдар бар. Ардагерлер бар. Әсіресе, «Біз біргеміз» аясында «Nur Otan» партиясының, волонтерлердің араласуымен үлкен жұмыс жүріп жатыр. Ардагерлер кеңесі де қарап жатқан жоқ. Барлық кісінің тізімдерін алып, солармен бірге барып жол көрсетіп, аты-жөндерін айтып және осының басы-қасында жүрген ағаларыңыз бен апаларыңыз бар. Санаторий, емдеу мәселелерін әлі де пысықтап қарап, жаңадан шыққан «Ардагерлер туралы заңды» пайдаланып іске асыруға міндеттенеміз.

Хабар 24 телеарнасы