429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

11 мамырда Алматы мен Нұр-Сұлтаннан еліміздің 7 қаласына әуе қатынасы жанданады

  • 523
  • UPD: 22:31, 07.05.2020
11 мамырда Алматы мен Нұр-Сұлтаннан еліміздің 7 қаласына әуе қатынасы жанданады liter.kz

11 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетау қалаларына ұшу қайта басталады.

Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдары негізінде ағымдағы жылғы 11 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетау қалаларына, сондай-ақ ағымдағы жылғы 13 мамырдан бастап Қостанай және Үшарал қалаларына ұшу қайта басталады», делінген хабарламада.

Рейстер Air Astana, SCAT, Qazaq Air әуе компанияларының ресми сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады деп жоспарланып отыр.

Ұшулар ҚР ДСМ Көліктегі бас санитарлық дәрігер белгілеген санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралары жағдайында орындалады.

«Бұдан әрі жағдай жақсарған жағдайда ішкі рейстер мен бағыттар санын, сондай-ақ әуе кемелерінің сыйымдылығын арттыру мәселесі қарастырылатын болады», деп хабарланды ҚР ИИДМ баспасөз қызметінген.

 

Хабар 24 телеарнасы