429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да ардагерлерді ардақтау онлайн жүйеде өтіп жатыр

  • 348
  • UPD: 22:50, 07.05.2020

Майдангерлер мен соғыстан тақсырет тартқан алдыңғы буын қандай да құрметке лайық.

Мемлекеттік деңгейде оларға қаржылай және материалдық көмек көрсетіліп жатыр. Салалық ведомстволар да барынша қамқор көңілін танытып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, шығыстағы төтенше жағдай қызметі бұл күні ардагерлерді онлайн құттықтап, мерекелік концерт ұйымдастырды.

Олжас Керейхан, тілші:

- Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін және одан кейін өрт сөндіру саласында еңбек еткен ардагерлерге жыл сайын осы шағын мемориал маңында құрмет көрсетілетін. Биыл бірінші рет үрмелі аспаптар әуенін  және құттықтау, ән күйді үйлерінде онлайн тыңдады.

Қанат Әбділов, облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы:

- Бүгінгі онлайн режимде аудан қызметкрелері де қосылып, бәрі тамашалайтын болады. Және «Біз біргеміз» акциясында осы шараларды өткізіп жатырмыз. Әрине, бізде осы Жеңіс күніне орай емес, әр мерекеде ардагерлеріміз тыс қалмайды. Біз оларға көңіл бөлеміз, әрдайым біздің назарымызда.

Зейнеттегі подполковник Александр Кодубенко төтенше жағдайлар қызметінің ардагерлер ұйымын басқарады. Әр мереке сайын әріптестерімен бірге болады.

Александр Кодубенко, ТЖ қызметінің ардагері:

Биылғы мерекелік шараның бәрі онлайн өтіп жатыр. Сондықтан 9 мамыр күні шырақ жағу рәсімін балконда өткізетін боламыз. Ал, менің жұбайымның әкесі де соғыста қаза тапты.

Ал, тоқсанның төріне шыққан Мария Аникинаның көңіл-күйі көтеріңкі. Соғыс басталғанда 13 жаста ғана болған. Бірақ оған қарамастан, тылда 12 сағат жұмыс істеген. Күндіз зауытта  ауыр станокта шебер болса, түнде қарттар мен балаларға көмектеседі. Бірақ үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүргенін айтады.

Мария Аникина, тыл ардагері:

- Соғыс болып жатса да, біз мектептен шыққан бойда ән бастайтынбыз. Күн сайын маға  екі-үш баланы бағып, 3-4 қарияға көмектесуді жүктейтін. Біз олардың суын тасып, отынын жарып беретінбіз.

Барлық балалық шағын соғыс жалмаған буын өкілдеріне бар құрмет көрсетіліп жатыр. Ал Ұлы Жеңістің  75 жылдығын ШҚО-да 124 ардагер ғана қарсы алды. Олардың әрқайсына қаржылай және материалдық көмек берілді.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин  

Хабар 24 телеарнасы