422.66 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарлық экологтар зақымданған жайылымды қайта қалпына келтіруді талап етуде

  • 386
  • UPD: 23:51, 07.05.2020

Ертіс өзенінің бойына тас үйіп, жайылымды зақымдаған жекеменшік компания сол аумақты қалпына келтіруі керек.

Павлодарлық тәуелсіз экологтар осыны талап етіп, мемлекеттік органдарға хат жолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Азаматтық белсенділердің хабарлауынша, компания өзен жағасына қиыршық тас төгіп, сол маңдағы жасыл желекке айтарлықтай зақым келтірген.

«Бұл «Экологиялық кодекстің» баптарына қайшы», - дейді табиғат жанашырлары. Кәсіпорынның заңсыз әрекетін табиғат қорғау прокуратурасы да растады. Айта кетерлігі, Ертістің бойы ерекше қорғалатын аумаққа жатады.

Болат Мидиу, облыстық қала құрылысы және жер бақылауы басқармасы басшысының орынбасары:

- Біз Ертіс бассейндік инспекциясы мен жануарлар, орман әлемі инспекциясына өтініш жолдадық. Ал кадастрлық іс жөніндегі өтінішті Павлодар ауданының әкіміне бағыттатық. Жауапты мекеме заң талап ететін материалдарды ұсыну керек. Кейін жер заңнамасы бойынша тексеріледі.

Светлана Могилюк, тәуелсіз эколог:

- Заңғы қайшы әрекет еткені үшін бұл кәсіпорынға айыппұл салынуы тиіс деп ойлаймын. Ұйым өкілдері зақымданған жерді қалыпқа келтіруі керек. Ағаштарды қалыпқа келтіру мүмкін емес екені белгілі. Бірақ тастың астында қалған жер қабатын сақтап қалуға мүмкіндік бар.

Хабар 24 телеарнасы