«Ардагерлер туралы» заң елі үшін адал қызмет еткен жауынгерлердің мәртебесін біржолата нақтылап берді, деп хабарлайды «Хабар 24»
Бұл тәжік-ауған қақтығысына қатысып, кескілескен ұрысты көзбен көрген Ерлан Алданазаровтың пікірі. «Енді барлық санаттағы ардагер мен оларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер жүйеленеді. Ал әлеуметтік қолдау шаралары күшейтіледі», – дейді тәжік-ауған шекарасының қоғамдық бірлестігі төрағасы.
Ерлан Алданазаров, Алматы қ. тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік іс-қимылдар қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
– Бұл заңды 30 жылдай күттік. Негізгі заңды басқа мемлекетте болған кісілер де көптен бері күтіп жүр. Уақтылы шыққан заң деп ойлаймын. Көптеген жеңілдік болып отыр. Сондықтан біз, ардагерлер, қуаныштымыз.
