470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жаңа заң әлеуметтік жағдайды одан әрі жақсарта түседі

  • 779
  • UPD: 14:09, 08.05.2020

Ардагерлер туралы заң қоғам мүддесін көздеп, әлеуметтік жағдайды одан әрі жақсарта түседі, деп хабарлайды «Хабар 24»

Семейдегі «Тәжік-ауған шекарасындағы әскери қимылқа қатысушылар» республикалық бірлестігінің қалалық филиал жетекшісі Есенғали Оразбаев осылай дейді. Оның ойынша, елімізден сырт аумақтардағы қақтығыстарға қатысушылар көптен бері әлеуметтік көмекке мұқтаж болып келген. Әсіресе, тегін медициналық қызмет, кейбір салық түрлеріне жеңілдік жасау, қосымша жәрдемақы төлеу сияқты көмектер дер кезінде қолға алынған шаралар. Семейде бүгінде тәжік-ауған шекарасы мен Таулы Қарабақ қақтығыстарына қатысқан 116 азамат тіркелгенін айта кетейік.

Есенғали Оразбаев, тәжік-ауған шекарасы қақтығысының ардагерлері бірлестігінің қалалық филиалы төрағасы:

– Бұл заң өте тиімді, мұнда барлық ардагер санаты қарастырылған. Ұлы Отан соғысы, тыл ардагерлері, ауған соғысы, тәжік-ауған шекарасында болған азаматтар, Чехословакия, Ирак, Таулы Қарабақта. Бұл заңды азаматтар көп жыл күтті. Мұнда өте үлкен көмек қарастырылған. Бұл көмек өте қажет бұл азаматтарға. Президентімізге  алғысымызды айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы