423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейбітшіліктен асқан бақыт жоқ – соғыс ардагері

  • 351
  • UPD: 20:44, 08.05.2020

Құқық қорғау саласының ардагері Александр Иванов – соғыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына белсене қатысқан жандардың бірі.

Павлодарлық ақсақал қазір 92-де. Әскери қызметте батарея командирі, комбат дәрежесіне дейін көтерілген. Елге оралғаннан кейін де ұзақ жылдар Ішкі істер саласында қызмет атқарды. Бүгінгі мерекеге орай ардагерді Павлодар облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы арнайы барып құттықтады. Александр Ивановтың жары Раиса Шуликаның әкесі Кеңес одағының батыры. Анасы да соғысқа қатысқан. Жеке мұрағаттарында соғыс тақырыбын қамтыған деректер өте көп. Солардың бірі – 1946 жылы жазылған күнделігі.

Раиса Шулика, А.Ивановтың жары:

– Бұл – 1946 жыл. Әскери госпиталь. Менің анам дәрігер болған. Қолы бос кезде ән жазып, жаралы сарбаздармен қосылып ән шырқаған екен. Осылайша олардың көңілін аулаған. Госпитальда жатқан бір жауынгер анамның суретін салыпты. Мен бұл дәптерді соғыс жылдарынан қалған естелік ретінде әлі күнге дейін көзімнің қарашығындай сақтап келемін.

Александар Иванов, соғыс ардагері:

– Мен барлығын Жеңіс мейрамымен құттықтаймын. Біз өз еңбегімізбен жеңіске жеттік. Бейбітшіліктен асқан бақыт жоқ. Жастар бізден үлгі алса екен деймін. Ал соғыс ардагерлеріне тек қана мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Менің жасым 92-де. Қанша өмірім қалғанын білмеймін. Біз көрген қиындықты кейінгі ұрпақ көрмесін.

Хабар 24 телеарнасы