465,08 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Ардагерлер туралы» заң әлеуметтік қолдау көрсетуге негіз болады – сарапшы

  • 891
  • UPD: 19:43, 08.05.2020
«Ардагерлер туралы» заң әлеуметтік қолдау көрсетуге негіз болады – сарапшы

 

Құжаттың қолданысқа енгізілуі елге қалтқысыз қызмет еткен сарбаздардың ғана емес, бүкіл қауымның ойынан шыққан игі шешім болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жамбылдық «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дүкенбай Ермековтің пікірі. Енді аға ұрпақ ардагерлермен қатар Тәуелсіздік жылдары әскери борышын атқарған ардагерлерге де әлеуметтік қолдау күшейеді дейді ол. 

Дүкенбай Ермеков, облыстық «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағы» ҚБ төрағасы:

– Дер кезінде қабылданған заңды Жеңістің 75 жылдығы мерекесіне жасалған сый-құрмет деп түсінеміз. Еліміздің өсіп-өркендеуіне бәріміз қызмет етуіміз керек. Жастарымызға патриоттық тәрбие беріп, үлгі көрсетуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы