421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қолдауға қол жеткізген қызылордалық ардагерлердің қуанышында шек жоқ

  • 368
  • UPD: 19:42, 08.05.2020
Қолдауға қол жеткізген қызылордалық ардагерлердің қуанышында шек жоқ

«Ардагерлер туралы» заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік қимылдыр мен әскери қақтығыстарға қатысқан сарбаздардың да көкейіндегісін дөп басты, деп хабарлайды «Хабар 24»

Осы ұрысқа қатысқан Марат Орынбайұлы бұл өзгерісті көп күттік дейді. Қазір мәртебесі айқындалып, бірқатар жеңілдік пен қолдауға қол жеткізгеніне риза.

Марат Орынбайұлы, республикалық қоғамдық бірлестігі ОФ төрағасы:

– Көмек туралы айтатын болсақ, коммуналдық жағынан көмегі, салықтан көп жеңілдік бар екен. Бұл қуанышты біз ұзақ күткенбіз. Бұл қолдауды көрген жас ұрпақ жүрегінде сезім пайда болады. Біз де әскерге барсақ, Отанымызды қорғауға дайынбыз деген борышы жүрегінде тұратын болады.

Хабар 24 телеарнасы