419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сұрапыл майданда із-түзсіз жоғалып кеткен жауынгерлердің іздеушілері бар

  • 360
  • UPD: 11:28, 09.05.2020
Сұрапыл майданда із-түзсіз жоғалып кеткен жауынгерлердің іздеушілері бар

Сұрапыл майданда із-түзсіз жоғалып кеткен жауынгерлердің іздеушілері бар.

Марқұмдардың жатқан жерін тауып, топырақ салған Лейла Қасенова арнамызға хабарласты. Оның айтуынша, ағайынды Мұқатай, Қапаш, Ғаббас Қасеновтар майданға аттанып, қайта оралмаған. Табанды іздеу жұмыстарының нәтижесінде Мұқатай атасының сүйегі табылды. Алдыңғы жылы ұрпақтары оның басына барып, құран бағыштады. Туған жерінің топырағын салды. Қазір кенже атасы Ғаббастың құлаған жерін іздеуде. Ал, Шығыс Қазақстандағы Жарма ауданының тумасы Қапаш Қасеновтың Сталинград шайқасында қаза тапқаны мәлім болды. Оның есімі ұрпақтарының арқасында Мамай қорғанындағы естелік тақтаға жазылды.

Лейла Қасенова, майдангер ұрпағы:

- «Память народа» деген естелік мемориалдың арқасында өзімнің анам Лиза, ол кісі Қапаш атамның келіні ғой. Одан кейін Мұқатай атамның келіні Татия деген апамыз да сақтап қалған хаттарды сәйкестендірсек, расында сәйкес келеді. Күніне дейін қай жерде, қай күні қайтыс болғанын анықтай алғанымызға өте қуаныштымыз.

Хабар 24 телеарнасы