423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда жол бойында жарыс өткізген көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды

  • 378
  • UPD: 17:00, 09.05.2020
Алматыда жол бойында жарыс өткізген көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды polisia.kz

Алматыда түнде жарыс ұйымдастырған көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері оларға шара қолданды.

«Кеше түнде Төле би даңғылы мен Қайырбеков көшесінің қиылысында Жол ережесін өрескел бұзған төрт жүргізуші анықталды. Олар қатысты ҚР ӘҚбК-нің 597-бабы 1-бөлімі және ҚР ӘҚбК-нің 601-бабы 1-бөліміне сәйкес әкімшілік хаттамалар жасалды. Көлік құралдары арнайы айыппұл тұрағына жөнелтілді. Құқық бұзушылардың арасында 1990 жылы туған бір қыз бар. Бұл автокөлік жүргізушілері өздерін қорғай отырып, көңіл көтеру үшін жолда бұзақылық жасағандарын айтты. Сонымен қатар, олардың ешқайсысы бұл әрекеттің, біріншіден, жол пайдаланушылары үшін қауіпті екендігін ойламаған, екіншіден, жақын тұрған үйлердің тұрғындарына кедергі келтіретіндіктерін де еске алмаған», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Манап Саттаров.

Бұдан былай күн сайын кешке және түнде учаскені екі патрульдік наряд бақылайды.

Хабар 24 телеарнасы