412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудағы облыстық перинаталдық орталық уақытша жабылды

  • 147
  • UPD: 19:40, 09.05.2020
Атыраудағы облыстық перинаталдық орталық уақытша жабылды

Атырау облысында тағы 18 адам вирус жұқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Олардың үшеуі облыстық перинаталдық орталығында тіркелген жүкті әйелдер. Қазір жұқпалы аурулар станционарында жатыр. Қалған 15 адам Теңіз кен орнындағы мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері. Облыстық перинаталдық орталық қазір зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін уақытша жабылды. Бұл орталықта 4 адамнан вирус анықталған. Олармен байланыста болған 29 адамның 9-ы медициналық қызметкер, қалғаны жүкті әйелдер. Қазір өңірде коронавирус жұқтырғандар саны 290-ға жетті. 86 адам жазылып шықты. 

 

Хабар 24 телеарнасы