422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаулықтар «Жеңіс терезесі» акциясына атсалысып жатыр

  • 386
  • UPD: 21:50, 09.05.2020
Ақтаулықтар «Жеңіс терезесі» акциясына атсалысып жатыр

Қала тұрғындарының бірі үйлерінің терезесіне майдангер аталарының суретін ілсе, енді бірі Жеңіс күнін бейнелейтін картиналар салған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үшінші қабатта тұратын Татьяна Коробейникованың пәтері алыстан көзге түседі. Оның терезесінен 1945 жылы 9 мамырда жасалған қуатты отшашуды көруге болады. Ол пәтерінің қабырғаларына да ерлікті паш етер суреттер жапсырған. Татьяна Коробейникованың өз атасы мен нағашы атасы да майданға қатысқан.

Татьяна Коробейникова, қала тұрғыны:

– Биыл карантинге байланысты Жеңіс күніне арналған мерекелік шеру өткен жоқ. Бірақ мерейлі мерекені үйде отырып-ақ тойлауға болады. Енді қазір немерелерімді күтіп отырмын, олар келсе, терезеге соғысқа қатысқан аталарымыздың атын жазамыз, оларға аталарының өмірі туралы айтып беремін.

Хабар 24 телеарнасы