411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудағы көшеге соғыс ардагерінің есімі берілді

  • 220
  • UPD: 22:31, 09.05.2020

Атырауда бір көше енді Сопығали Құрманбаевтың атымен аталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қан майданда от кешкен жауынгер көзі тірі болғанда биыл 100-ге толар еді. Жалпы, атыраулықтар өңірде 300-ден аса көшеге соғыс ардагерлерінің есімін берген.  

Кішкентай Эсманнұр атасы Сопығалиды тек альбомдағы ақ-қара түсті фотолардан ғана көрді. Ал оның ерлік істері туралы Азамат Құрманбаев әркез айтып отырады.

Азамат Құрманбаев, С.Құрманбаевтың немересі:

– Атамыз тірі болса, 100 жасқа келер еді. Атамыздың осындай ҰОС қатысқанына 75 жыл. Атамызды еске алып тұрамыз.

Сопығали Құрманбаев 1942 жылы майданға өзі сұранып аттанған. 63-ші гвардиялық әскер  құрамында Сталинградты қорғады. Байланысшы ретінде Донбасты да  азат етуге атсалысты.  Украина үшін болған шайқастардың бірінде ауыр жараланады.  Ұрыстағы ерліктері үшін лейтенант Құрманбаев орден-медальдармен марапатталды. Соғыстан кейін ұстаздық етіп, қоғамдық істерге белсене араласты. Депутат, мектеп директоры болып қызмет атқарды. Жеңістің 50 жылдығына 3 жыл қалғанда, 1992 жылы қайтыс болды.  

Атыраудағы көшелердің біріне Сопығали Құрманбаев есімі берілді. Жалпы, аймақта сұрапыл соғыс куәгерлерінің есімімен аталатын 300-ден аса көше бар. Олардың ерлік істері ел жадынан өшпек емес.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Гүльмира Сутубаева, Темірлан Сұлтанғазиев, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы