412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс іс-қимылдарға қатысушылар соғыс ардагеріне құрмет көрсетті

  • 164
  • UPD: 08:21, 10.05.2020
Тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс іс-қимылдарға қатысушылар соғыс ардагеріне құрмет көрсетті

Атырауда тәжік-ауған шекарасында болған ұрыс іс-қимылдарына қатысушылар соғыс ардагері Тұраш Көптілеуовті Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақсақал да өз кезегінде жас ардагерлерге жылы лебізін білдірді. Жуырда тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар барлық жеңілдіктері сақтала отырып, ардагерлер санатына енген еді. Айта кету керек, олар бұл мәртебені иелену туралы жаңалықты 25 жыл күткен болатын.

Асқар Қайырлиев, тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс іс-қимылдарының ардагері:

- Аталарымыздың көрген қиындықтарын қалған ұрпақтары көрмесін дейміз. Осы мерекемен тұспа тұс келген тәжік-ауған соғысы ардагерлеріне берілген статусымыздың құрметіне ел басқарып отырған ағаларымызға тәжік-ауған ардагерлері атынан алғыс айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы