412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қала тұрғындары сақтық шараларын мұқият ұстануы керек – Бекшин

  • 132
  • UPD: 22:17, 10.05.2020
Қала тұрғындары сақтық шараларын мұқият ұстануы керек – Бекшин

Алматыда да карантин режимі сақталады.

Төтенше жағдай тәртібі аяқталса да, тұрғындар сақтық шараларын мұқият ұстануы керек. Қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осылай деді. Көшеге шыққанда бетперде тағып, медициналық қолғап кию міндет. Алматы маңындағы блок-бекеттер алынбайды, ал қоғамдық көліктер таңғы 06:00-ден кешкі 19:00-ге дейін ғана жүреді. Карантин кезінде жұмыс істеуге рұқсат алған мекемелер де қауіпсіздік талаптарын ескеруі керек. Ірі дүкендерде әлеуметтік арақашықтық міндетті түрде сақталуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы