431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ломбардтар қалай жұмыс істейді: жаңа талаптар белгіленді

  • 520
  • UPD: 11:58, 11.05.2020
Ломбардтар қалай жұмыс істейді: жаңа талаптар белгіленді mirkostanaya.kz

Ломбардтардың есептік тіркеуден өтуі үшін құжаттарды тапсырудың жаңа мерзімдері белгіленді.

Төтенше жағдайға және карантин кезеңінде қызметті жүзеге асыруға тыйым салуға байланысты Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептік тіркеуден өтуі үшін құжаттарды тапсыру мерзімдерін республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында 2020 жылғы 1 маусымға дейін және басқа елді мекендер үшін 2020 жылғы 15 маусымға дейін ауыстыру турал шешім қабылдады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Осыған дейін агенттік есептік тіркеуден өту үшін құжаттарды тапсыру мерзімін ірі қалалар үшін – 2020 жылғы 1 мамырдан кешіктірмей және басқа өңірлер үшін 2020 жылғы 1 маусымнан кешіктірмей белгілеген болатын.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет жне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтарға қарыздар беретін барлық кредиттеу субъектілерінің қызметін реттеу енгізілді. 2020 жылғы 1 шілдеге дейін барлық көрсетілген субъектілер, оның ішінде ломбардтар, кредиттік серіктестіктер және онлайн-кредиттеу компаниялары микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар ретінде агенттікте есептік тіркеуден өтуге тиіс.

 

 

Хабар 24 телеарнасы