414,36 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында кәсіпорын басшысы 400 млн теңге салық төлеуден жалтарған

  • 456
  • UPD: 13:07, 11.05.2020
Ақтөбе облысында кәсіпорын басшысы 400 млн теңге салық төлеуден жалтарған Karasayinfo.kz

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті аса ірі көлемде салық және басқада бюджетке міндетті төлемдерді төлеуден жалтару фактісі бойынша кәсіпорын басшысына қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

Тергеу кезінде белгілі болғандай, кәсіпорынның атқарушы директоры 2015-2017 жылдар аралығында бюджетке салық төлеуден жалтару мақсатында нақты жұмысын және қызметін атқаруды жүргізбеген басқа да ЖШС шот-фактураларын пайдалану арқылы біле тұра қосымша құн салығы және корпорациялық табыс салығы декларацияларына бұрмаланған мәліметтер берген.

Салық төлеуден жалтарылған сома көлемі 330 млн теңгені, ал уақтылы берешекті төлемеу салдарындағы есептелінген өсімпұл сомасы 70 млн теңгені құрады.

Мемлекетке жалпы сомасы 400 млн теңге төленбеген салық түріндегі келтірілген залал толығымен өтелді.

Хабар 24 телеарнасы