425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Cұлтан – Талдықорған бағытында әуе қатынасы жанданды

  • 540
  • UPD: 14:03, 11.05.2020

Бүгін ел астанасынан ұшып шыққан әуе кемесі Алматы облысының орталығына келіп қонды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шыңғыс Қалиден, тілші:

– Нұр-сұлтан қаласынан Талдықорғанға бүгін 6 адам ұшақпен ұшып келді. Олардың барлығы коронавирусқа қатысты тест тапсырған. Ауру белгілері жоқ деген анықтамамен  ғана билет сатылған екен.  Аэропортта сол құжаттың мерзімі тексеріліп жолаушылардың  дене қызуы өлшенгеннен кейін кіргізілді. Кері қарай ұшатын 24 адамға да осындай талап қойылған. Бірақ бүгіннен бастап мұндай құжат сұралмайтын болды. 

Айта кетейік, Талдықорғандағы әуежай  коронавирус індетіне байланысты сәуірдің 31 бастап жабылған болатын. Содан бері  ішкі рейстердің бәрі тоқтатылған еді. Тек Араб елдеріндегі отандастарымыз мінген екі ұшақты ғана аэропорт  қабылдады. Әуе қатынасының жандануына байланысты қандай сақтық шаралары қабылданған екен. Ол туралы әуе компаниясының президенті айтып берді. Талдықорған Нұрсұлтан бағытында ұшақ күніне бір рет ұшады. Ал  ертеңнен бастап Үшарал – Талдықорған арасында да  әуе кемесі қатынайды.

Хабар 24 телеарнасы