429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істей береді – Президент

  • 410
  • UPD: 13:45, 11.05.2020
Мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істей береді – Президент

Мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істей береді.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтты.

Жеке кәсіпорын басшылары қанша қызметкерді жұмысқа шығаратынын өздері анықтауы тиіс.

«Жұрттың көбі әлі де үйде отыра тұрғаны дұрыс болар еді. Бұл – ең алдымен, адамдардың қауіпсіздігіне байланысты мәселе. Жұмыс орнында әлеуметтік арақашықтық және қатаң санитарлық режим сақталуы қажет», - деді Қ.Тоқаев.

Президенттің мемлекеттік комиссия отырысында сөйлеген сөзінің толық мәтіні.

Хабар 24 телеарнасы