422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемен – Талдықорған бағытындағы жол құрылысы мерзімінен бұрын аяқталады

  • 301
  • UPD: 14:12, 11.05.2020
Өскемен – Талдықорған бағытындағы жол құрылысы мерзімінен бұрын аяқталады

Өскемен – Талдықорған  бағытындағы жол құрылысы мерзімінен бұрын аяқталады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Құрылысшылар карантин талаптарын ескере отырып, күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Сондықтан бастапқыда көрсетілгендей бұл жоба  2022 жылы емес, келер жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Бүгінде ең негізгі учаскілер саналатын Таскескен – Үржар және Жарма аудандарында жұмыс қызу. Жалпы қашықтық 195 километр.Тас жолдың бұл бөлігін жөндеуге мемлекет қазынасынан 69 миллард теңге бөлінген. Мамандар барынша ең озық технологияларды қолданып жатыр. Бұл жол сапасын арттырып, оның кейін 10-15 жыл көлемінде күрделі жөндеусіз қызмет көрсетуіне мүмкіндік береді.

Валерий Жұмағазинов, жоба жетекшісі:

– Бұл жерде жаңа механизмдерді қолданып жатырмыз. Яғни, ең негізгі төсемнің беткі қабаты қиыршық тасты құм цементті қоспадан істелген. Ал жабындының жоғарғы қабаты болса бета-этанол қосылған, қиыршық тасты- мастикалық асфальтты бетоннан тұрады. Осылайша ең соңғы әдісті пайдалануды жөн көрдік.

Хабар 24 телеарнасы