425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында 7 елді мекен газдандырылады

  • 251
  • UPD: 14:12, 11.05.2020
Жамбыл облысында 7 елді мекен газдандырылады

Жамбыл облысы Жуалы ауданында биыл 7 елді мекен газдандырылады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қазір Бауыржан Момышұлы – Қошқар ата бағытында газ магистралі тартылып жатыр. Газ желісі 15 елді мекен арқылы өткізілмек. Бұл таулы аймақтағы ауылдарды көгілдір отынмен қамтуға мүмкіндік береді. Негізгі құбырды тарту жұмыстары 75 процентке аяқталған. Жеті ауылға газ кіргізуге «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 600 миллион теңге бөлініп отыр. Құрылыс аяқталғанға дейін 100-ден астам жергілікті тұрғын жұмысқа тартылады. Ал құрылыс аяқталған соң 30-ға жуық тұрақты жұмыс орындары пайда болады деп күтілуде.  

Ерболат Сейітбеков, Жуалы аудандық ТКШ бөлімінің басшысы:

– Бұл енді тарихта болмаған жоба. Бірінші рет кіріп жатыр. Газ кіріп жатыр.  Ауыз су кіргізіліп жатыр.  Жалпы, Жуалы ауданы бойынша 49 елді мекен. Оның ішінде осы уақытқа дейін 3 елді мекен қамтамасыз етілген еді. Жеті елді мекенге биыл толық газбен қамтамасыз етілсе, ол бізде бір 71 проценті құрайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы