412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында қоғамдық көлік қатынасы қайта жанданады

  • 116
  • UPD: 17:33, 11.05.2020
Ақмола облысында қоғамдық көлік қатынасы қайта жанданады

Ақмола облысында бүгіннен бастап қоғамдық көлік қатынасы қайтадан қалыпқа келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ қозғалысы тек кешкі сағат 20.00-ге дейін ғана. Ал көше автобусы әзірге тек Қосшы мен Қоянды ауылдарында ғана жүрмейді. Себебі аталған елді мекендер қауіпті індеттің ошағына айналып отыр. Өңірде коронавирус жұқтырғандардың 90 процентке жуығы – осы ауылдардың тұрғындары. Ал әрбір елді мекеннің шекарасына қойылған блок-бекеттер де өз жұмысын жалғастыра бермек. Сәйкесінше, қалааралық көлік қатынасы да болмайды. Олардың қашан іске қосылатыны әзірге нақты белгісіз. Сондай-ақ өңірде аумағы 2 мың шаршы метрден аспайтын сауда орталықтары ашылады. Бірақ бәрінде санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Сонымен қатар тұрғындардың өмір сүруі мен жұмыс істеуіне өте қажетті деген нысандар да қайтадан іске қосылады.

Мирасхан Егізбаев, тауарлар мен қызмет сапасын БД басшысының орынбасары:

– Балабақшадағы кезекші топтар, балаларға арналған түзету кабинеттері, азық-түлік базарларының жұмыс уақыты сағат 10-нан бастап 5-ке дейін. Азық-түлік емес базарлар, мәдени объектілер, жеке және топтық дайындық бойынша тек 30 адамға дейін, көрерменсіз. Содан кейін спорт объектілері.16:41:30

Хабар 24 телеарнасы