426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Спорт жаттығулары мен мәдениет қызметкерлерінің дайындығына рұқсат беріледі

  • 270
  • UPD: 17:18, 11.05.2020
Спорт жаттығулары мен мәдениет қызметкерлерінің дайындығына рұқсат беріледі

Қазақстанда спорттық жаттығулар мен мәдениет қызметкерлерінің дайындық жұмыстарына рұқсат беріледі.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады.

«Спорттық жаттығулар мен мәдениет қызметкерлерінің дайындық жұмыстарына рұқсат беріледі. Жұмыс істейтін ата-аналар үшін балабақшаларда кезекші топтар жұмыс істейді. Онда барлық санитарлық талаптар сақталады», - деді Е. Тоғжанов Үкіметтегі онлайн брифингте.

Сонымен бірге Е. Тоғжанов кез келген бұқаралық шараға тыйым салынатынын атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы