427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Теңіз» кенішіндегі оралдық 135 жұмысшы ауылдарына жете алмай жүр

  • 270
  • UPD: 17:32, 11.05.2020
«Теңіз» кенішіндегі оралдық 135 жұмысшы ауылдарына жете алмай жүр

«Теңіз» кен алаңындағы карантинге байланысты ауылдарына жіберілген оралдық 135 жұмысшы діттеген жерлеріне жете алмай жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

10 мамыр күні оларды 5 автобуспен Атырауға алып келген. Әрі қарай жұмысшылар ауылдарына қайтуы тиіс еді. Алайда Орал қаласында осынша адамды оқшаулайтын карантиндік орын дайын болмай шықты. Қазір олар Атырау қаласындағы провизорлық орталыққа орналастырылды.

Естеріңізге сала кетсек, күні бүгін «Теңіз» кен алаңында коронавирус дерті 231 жұмысшыдан анықталып отыр. Осыған орай облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен өзге өңірлерден келген адамдарды тұрғылықты жерлеріне қайтару туралы шешім қабылданған. Қазір 16,5 мың адам шығарылды. Жұмысшыларды тасымалдау және өзге шығындар жұмыс беруші мекемінің есебінен жүргізіледі.

Ержан Қалымбайұлы, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

– Сол жердің 135 тұрғыны 2 күн Атырау қаласындағы стационарлық карантиндік орында жатты. Бүгін олар өз облыстарына шығады. Себебі орындар дайын деген хабар келді. Бұл ТШО басшылығының шешіммен қабылданған шара болатын.

Хабар 24 телеарнасы