421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екі млн-ға жуық азамат кезекті жәрдемақысын алды

  • 255
  • UPD: 17:30, 11.05.2020
Екі млн-ға жуық азамат кезекті жәрдемақысын алды

Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау мақсатында бөлінетін 5 трлн 900 млрд теңгенің жартысынан астамы, яғни 3 трлн 400 млрд теңгесі республикалық бюджеттен шығады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалған 2 жарым трлн теңге бюджеттен тыс қаражат. Осылайша, бастапқы капитал жұмысбастылық деңгейін өсіруге, тұрғын үй құрылысына, әлеуметтік төлемдерге, табысынан айырылған азаматтарға жәрдемақы төлеуге және салықтық кірістер шығынын өтеуге бағытталады. Мәселен, «Жұмыспен қамту жол картасын» қаржыландыруға 1 трлн теңге қарастырылған. Инфрақұрылымдық жобалар қолға алынып, 255 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Ал 42 мың 500 теңге көлеміндегі кезекті әлеуметтік жәрдемақыны алу үшін 16 сәуірге дейін 3 млн 735 мың азамат өтініш өткізген. Осы күнге дейін 2 млнға жуық өтініш мақұлданып, 99 млрд теңге бөлінді. Бүгіннен бастап жәрдемақыға өтініштер қабылдау тоқтатылды.

Хабар 24 телеарнасы