417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Медицина қызметкерлеріне үстемеақы тамыз айына дейін төленеді – Е.Тоғжанов

  • 198
  • UPD: 17:23, 11.05.2020
Медицина қызметкерлеріне үстемеақы тамыз айына дейін төленеді – Е.Тоғжанов primeminister.kz

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ҚР Үкіметінде өткен брифингте коронавирус инфекциясымен күресуге тартылған дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеудің одан әрі жалғасатыны туралы айтып берді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеу үшін Үкіметке 40 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді.

«Төлемдердің жартысы төленді. Қалған бөлігі биыл тамыз айына дейін төленетін болады», – деді вице-премьер.

Сонымен қатар Е. Тоғжанов жұмысқа шығатын ата-аналарға қолайлы болу үшін балабақшаларда кезекші топтар ұйымдастырылатынын айтты. Бірақ санитарлық нормаларды сақтау қажет болады.

«Мысалы, балабақшгаларда әрбір топта 25-30 баладан бар. Карантин кезеңінде сақтық шараларын ескере отырып, топтардағы балалар санын 15-ке дейін ғана жеткізу керек. Бұл ретте жұмыс істейтін әр ата-ананың балаларын балабақшада қалдыру мүмкіндігі бар екенін атап айтқым келеді», – деді премьер-министрдің орынбасары.

Хабар 24 телеарнасы