431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 70-тен астам субұрқақ жұмыс істеуде

  • 328
Елордада 70-тен астам субұрқақ жұмыс істеуде astana.gov.kz

Субұрқақтар маусымының жалпы қалалық ашылуы 1 мамырда өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан тұрғындары жұмыс істеп тұрған субұрқақтарды қаланың барлық аудандарынан көре алады. 73 субұрқақтың барлығы қажетті дайындықтан өткен.

Субұрқақтардың көбі, яғни 48-і Есіл ауданында орналасқан. Оның барлығына қайта тазарту, электр сорғыларын қайта қарау, су астындағы жарықтандыру шамдары және сабынды ерітінділермен тазарту жүргізілген. Нұржол бульвары, ЭКСПО-2017, «Жетісу» саябағы мен Ботаникалық бақта орналасқан төрт субұрқақтың музыкасын баптау жүргізілді. Б

айқоңыр ауданындағы субұрқақтарды жөндеу-қалпына келтіру жүргізілген. Жалпы алғанда, бұл ауданда 4 субұрқақ бар. Оның ішінде біреуі Есіл сауда үйінің маңында орналасса, қалғаны «Жастар» Сарайының аумағында.

Сарыарқа ауданында 11 субұрқақ бар: «Ақжайық» субұрқағы – Бөгенбай батыр және Жеңіс көшесінің қиылысы, «Өмір ағашы» субұрқағы  – Абай – Жеңіс, «Қазақ драма театры» субұрқағы – Омаров, «Футбол ойыншылары» субұрқағы – Жеңіс – Кенесары, Фонтандардың каскады – Республика – Омаров, «Жастар» театрындағы субұрқақ, «Әлия» субұрқағы – Молдағұлова – Жеңіс, «Атырау» субұрқағы– Бейбітшілік – Есенберлин, М.Әуезов және Мәскеу көшесінің алаңындағы субұрқақ – Республика – Мәскеу, Абай даңғылы бойындағы субұрқақ – Абай даңғылы 27, «Сарыарқа» субұрқағы – Сарыарқа ауданы әкімдігі.

Алматы ауданында он субұрқақ бар. Олар «Қазақ Елі» алаңында, Тәуелсіздік сарайында, Әзірет Сұлтан мешітінде, «Отан қорғаушылар» монументінде, Президенттік парк кешенінде (Пирамиданың артында), Бейбітшілік және келісім сарайының алдында, «Қазақстан» спорт кешенінде, Б.Момышұлы атындағы саябақта, Оқушылар сарайының жанында орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы