412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоғамдық көлікпен жүретін елордалық жолаушыларға қандай талап қойылды?

  • 176
  • UPD: 23:40, 11.05.2020
Қоғамдық көлікпен жүретін елордалық жолаушыларға қандай талап қойылды?

Ертең елордада қала ішіндегі қоғамдық көлік қозғалысының жұмысы жанданады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Автобустар таңғы жетіден кешкі 9-ға дейін жүреді. Жүргізушілер қауіпсіздік шараларын сақтауға міндетті. Яғни бетперде мен қолғап киеді. Өздерімен бірге антисептик алып жүрулері тиіс. Жолаушыларға да талап сондай. Тұрғындар автобусқа әдеттегідей алдыңғы есіктен отырып, ортаңғы және артқы есіктен түседі. Жол ақысы мобильді қосымшалар мен банктік төлемдер, сондай-ақ SMS, QR код арқылы төленеді.

Бекмырза Игенбердинов, «City Transportation Systems» басқарма төрағасы:

– Біз тұрғындарға карантин талаптарын сақтау қажеттігін ескертеміз. Автобусқа кірген кезде міндетті түрде бетперде тағып, арақашықтықты сақтағаны жөн. Бұл ең алдымен өз денсаулығы үшін және өзге де жолаушылардың қауіпсіздігі үшін қажет. Ал зейнеткерлерге таңертең және кешкі мезгілде болатын қарбалас сәтте аса бір қажеттілік болмаса, қоғамдық көліктерге отырмауға кеңес береміз. Бұл балаларға да қатысты. Ал мекемелер жұмыстың басталуы мен аяқталуына қатысты кесте жасаса, автобустарда аса кісі көп болмайды, яғни қалыпты деңгей сақталады деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы