412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте 12 мамырдан бастап қоғамдық көліктер жұмысын бастайды

  • 150
  • UPD: 23:50, 11.05.2020

Шымкентте шектеу шаралары оң нәтиже беріп, қауіпті кеселдің таралуы бақылауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір шаһарда карантин режимі біртіндеп жеңілдетіле бастады. Мәселен, ертеңнен бастап қалада қоғамдық көліктер жұмысын бастайды.

Бірақ уақыты шектеулі. Сағат таңғы 07.00-ден 21.00-ге дейін. Онда да санитарлық талаптар қатаң қадағаланады.

Әбдіманап Төлебаев, қалалық тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

– Әлде де болса қауіп сейілген жоқ. Қауіп жетеді. Сол себепті санитарлық талапты сақтағанымыз дұрыс.

Шымкенттің шекарасындағы 18 блок-посттың жұмысы 25 мамырға дейін жалғаса береді. Сондай-ақ дағдарысқа қарсы шаралар қарқынды жүретін болады. Бұл мақсатқа «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қомақты қаржы бөлініп, мыңдаған жұмыс орны ашылатын болды.

Ербол Садыр, қала әкімінің бірінші орынбасары:

– Жұмыспен қамтудың жол картасы» арқылы 224 жобаны қаржыландыру үшін 45 млрд 299 млн теңге қаржы бөлінді. Осы 224 жобаны жүзеге асырған кезде 8380 жұмыс орны құрылады.

Карантин режимінің жеңілдеуі – арқаны кеңге салу деген емес. Бүгінде қалада 230-дан астам адам COVID-19 жұқтырған. Індеттің 32 ошағы анықталып отыр. Дегенмен жағдай бақылауда. Бұл алғы шептегі мамандардың қажырлы еңбегінің нәтижесі деді әкімдік өкілдері.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Самат Нағашыбекұлы

Хабар 24 телеарнасы