399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да карантин режимі 25 мамырға дейін ұзартылды

  • 83
  • UPD: 07:41, 12.05.2020
БҚО-да карантин режимі 25 мамырға дейін ұзартылды

Батыс Қазақстан облысында карантин режимі мамырдың 25-іне дейін созылатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамырдың 12-інен бастап азық-түлік базарлары жұмыс істейді. Олардың қызметі таңғы сағат 09:00-16:00 аралығында белгіленген. Сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтары мен бизнес нысандары да ашылады. Аудан аумақтарындағы блок-бекеттер алынады. Санитарлық-карантиндік бекеттер тек қалаға кіретін тұста және шекара маңында ғана өз жұмысын жалғастырады.

Айта кету керек, карантин тәртібінің жеңілдеуіне байланысты 4 мамырдан бастап өңірде алдын ала жазылу тәртібімен сұлулық салондары, аумағы 2 мың шаршы метрден аспайтын зат сататын дүкендер жұмысын бастаған еді. Одан сәл бұрын қалада қоғамдық көліктер көшелерге шығарылды.

Әдемі Хасанова, облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

- Айта кететін бір жағдай, бұл ашылған кезде барлық санитарлық-дезинфекциялық жағдайлар сақталуы керек. Бұл дегеніміз, сатушылар маскамен, қолғаптары болуы керек және антисептикпен қамтамасыз етілуі керек. Бұл жерге келетін адамдардың барлығы да маскамен жүргені абзал. Өйткені әлі карантиндік режим алын жоқ. Халықтан сұрайтынымыз адам көп жиналатын жерлерде арақашықтықты сақтау, ол дегеніміз 2 метрден алшақ болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы