421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресей COVID-19 жұқтырғандар саны жағынан әлемде үшінші орынға шықты

  • 388
  • UPD: 08:06, 12.05.2020
Ресей COVID-19 жұқтырғандар саны жағынан әлемде үшінші орынға шықты

Ресейде соңғы бір күнде 11500 адамнан коронавирус табылып, науқастардың жалпы саны 221 мыңға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, көрші ел вирус жұқтырғандар саны жағынан Ұлыбритания мен Италияны қуып жетіп, әлемде үшінші орынға шықты. Алда тек АҚШ пен Испания ғана. Індеттен ең көп зардап шегіп отырған – Мәскеу. Осы уақытқа дейін ел астанасында 116 мың науқас тіркелген. Алайда, көз жұмғандар  үлесі жөнінен Ресей аталған елдерден айтарлықтай артта. Мәселен, бүгінге дейін британ аралында 32 мың азамат қайтыс болса, Италияда вирус құрбандарының саны 30 мыңнан асқан. Ал, Ресей жерінде 2 мың шамасында.

Лилия Сиротинкина, Липецк облыстық инфекциялық ауруханасының бас дәрігері:

- Науқастар санының азайып жатқаны байқалмайды. Жалпы коронавирус жұқтырғандарға келер болсақ, көбі дертке қалай шалдыққандарын білмейді. Қалай болғанда да, вирусты адам қарасы көп жерден тапса керек. Сондықта, топ болып жүруден бас тартып, арақашықтық сақтап жүруге шақырамын. Науқастар санының артуына себепші болмаңыздаршы. Мерекелік демалыс күндерін өз қалауларыңызша өткізу арқылы біздің жұмысымызға жеңілдік жасамайсыздар.

Хабар 24 телеарнасы