411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда қоғамдық көлік қозғалысы жанданды

  • 173
  • UPD: 14:03, 12.05.2020

Солтүстік Қазақстан облысында да карантин режимі жеңілдетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, бүгіннен бастап Петропавл қаласында қоғамдық көлік қатынасы қайтадан жанданды. Мұнымен қоса, тұрмыстық, құрылыс және киім-кешек сататын дүкендер біртіндеп ашыла бастады. Бұдан бөлек тағы қандай өзгерістер бар?

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Негізінен карантин талаптары кезең-кезеңмен жеңілдетіліп жатыр. Мәселен, 28 сәуірден бастап бүгінгі күні дейін өңірде 58 мыңнан астам адам жұмысқа оралды.

Тағы бір жағымды жаңалық, бүгіннен бастап қоғамдық көлік қозғалысы жанданды. Автобустар таңғы 06:30-дан бастап кешкі 21:30-ге дейін қатынайтын болады. Енді тұрғындар діттеген жеріне автобуспен жетіп алады. Тек қатаң санитарлық талаптарды сақтану қажет әлі де. Яғни, тұрып тұрған жолаушылар болмауы керек. Оны полиция қызметкерлері қадағалайтын болады. Ал, қалааралық қатынасқа әлі шектеу қойылған. Жалпы карантинтік режим жайында облыс әкімінің орынбасары баспасөз мәслихатын өткізген болатын. Маңызды деген ақпарттарға құлақ түрсек.

Руслан Әлішев, облыс әкімінің орынбасары:

Бүгіннен бастап сұлулық салондары өз жұмысын бастайды. Тек алдын ала жазылу қажет. Құрылыс, киім-кешек, авто сататын сауда орындары ашылады. Олардың жұмыс уақыты тағы 10:00-ден бастап 17-00-ге дейін. Балаларды дамыту орталықтары іске қосылып жатыр. Халықтың саябақтарға шығып демалуларына да рұқсат етіледі. Тек бір отбасынан үш адамнан аспауы қажет. Мұнымен қоса, кәсіби спортшылардың жаттығуларына жағдай жасалып отыр.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Ал, ертеңнен, яғни, сәрсенбінің сәтінен бастап облыста балабақшалардағы кезекші топтар ашыла бастайды. Ал 18 мамырдан мектепке дейінгі тәрбие беретін ошақтар толықтай есігін айқара ашады. Ал, Петропавл қаласындағы блокпосттар өз жұмысын жалғастыра береді. Себебі, Солтүстік Қазақстан – шекарада орналасқан транзиттік өңір. Шекарадан күніне 250-300 адам өтеді екен. Жалпы осы күнге дейін өңірде 36 адам коронавирус індетін жұқтырды. Соңғы тіркелгендері өзге өңірлерден келгендер екенін айта кету қажет. Қазір олардың барлығы қажетті ем-дом қабыдап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы