405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда бүгіннен бастап 25 автобус маршруты іске қосылды

  • 229
  • UPD: 10:53, 12.05.2020

Атырауда қалаішілік жолаушылар тасымалы қалыпқа келе бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгіннен бастап 25 автобус маршруты іске қосылды. Сондай-ақ таяу күндері балабақшалар да ашыла бастайды. Алайда, сақтық шаралары сол күшейтілген қалпында. Жолаушы тасымалындағы автобустар әрбір рейстен соң мұқият зарарсыздандырылады. Сондай-ақ жолаушылардың бетперде тағуы және көлік салоны мен аялдамаларда топтаспауы қадағаланады. Карантин мерзімі мұнайлы өңірде 25 мамырға дейін созылады.

Арыстанбек Кенже, тілші:

Күні бүгінге дейін жолауышлар тасымалын тек 5 маршрут қана жүзеге асырып келген болатын. Енді оған тағы 21 машрут қосылды. Жолаушылар тасымалы белгілі уақытта таңертеңгі 07:00-ден 22:00-ге дейін, кешкісін 17:20-ге дейін жүзеге асырылады. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысында сақтық шараларына баса назар аударылған. Бүгінде жұмыс істеп тұрған азық-түлік дүкендері, мекеме-кәсіпорындар және көше жүргіншілері үшін сантарлық талап сол күйі сақталады. Сондай-ақ қалаішілік автобустарда жолаушылардың топтаспауы, бастысы, көлік ішінде және аялдамада бетперде тағу міндетеледі. Ал, автобус жүргізушілері мен кондукторлар күн сайын мұқият тексеруден өткізіледі. Блок-бекеттер жұмыстарын бұрынғыша жалғастыруда. Ал, қала ішіндегі бекеттер саны азайып келеді. Осылайша біртіндеп қала тірлігі қалыпқа түсетін болады. Себебі, жақын күндері балабақшалар шектеулі баламен жұмыстарын бастайды деп күтілуде. Мұның барлығы адамдарды жұқпалы індеттен қорғауға арналған шаралар. Бүгінде Атырау облысы бойынша коронавирус дертіне шалдыққандар саны 300-ден асты. Оның басым көпшілігі «Теңіз» кен алаңынан анықталып отыр. Сондықтан ондіріс орындарында да сақтық шаралары күшейтілген жүйеде қалып отыр. Ал Атырау қаласы бойынша жағдай қалыпты болғандықтан, карантин тәртібі жеңілдетіле бастады.

Хабар 24 телеарнасы