399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да бүгіннен бастап азық-түлік базарлары жұмысын бастады

  • 96
  • UPD: 12:59, 12.05.2020

Батыс Қазақстан облысында карантин режимі мамырдың 25-іне дейін созылатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған аймақта карантин тәртібінің жеңілдеуіне байланысты 4 мамырдан бастап бірқатар маңызды нысан қалыпты тірлігіне оралған еді.

Талғат Серікқалиұлы, тілші:

- Мамырдың 12-інен, яғни бүгіннен бастап азық-түлік базарлары жұмысын бастайды. Олардың қызметі таңертеңгі сағат 09:00-16:00 аралығында белгіленген. Сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтары мен бизнес нысандары да қалыпты тірлігіне оралмақ. Аудан аумақтарындағы блок-бекеттер алынады. Санитарлық-карантиндік бекеттер тек қалаға кіретін тұстар мен шекара аумақтарында ғана жұмысын жалғастырады.

Айта кету керек, осыдан сәл бұрын өңірдегі қызмет көрсету орындары жұмысын бастаған еді.

Мәселен, алдын ала жазылу тәртібімен сұлулық салондары, аумағы 2 мың шаршы метрден аспайтын зат сататын дүкендер жұмысына бастады. Одан сәл бұрын қалада қоғамдық көліктер жұмысына кірісті. Ал, алдағы жоспарлар туралы мамандар былай дейді.

Мұхамғали Арыспаев, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

- Мына эпидахуалды 3-ке бөліп отыр: мысалы 7% көлеміндегі ахуал өсетін болса, жаңағы айтқан объектілер ашылады. Ахуал көрсеткіші 5%-тен төмен болса, қалған объектілер ашылады. Балабақшалар, 2 мың шаршы метрдегі бар сауда орталықтары бар, киім-кешек базарлары бар, соларды ашуға жоспарлау ниетіміз бар. Енді өршу 2%-ке төмендесе, қалған объектілердің барлығы ашылуға тиісті.

Дегенмен, төтенше жағдай режимі аяқталды деп арқаны кеңге салуға болмайды. Өйткені дәл бүгінгі күнге дейін аймақта 252 адам індетке шалдыққан. Өкінішке қарай, бұл сан өсе түсуін мүмкін. «Сондықтан көпшілік орындарға баратын тұрғындар әзірге бетперде тағып, антисептикалық құралдарды пайдалануы тиіс», - дейді мамандар.

Хабар 24 телеарнасы