418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 28 сәуірден бастап 58 мыңнан астам адам жұмысқа оралды

  • 195
  • UPD: 13:33, 12.05.2020
СҚО-да 28 сәуірден бастап 58 мыңнан астам адам жұмысқа оралды

Солтүстік Қазақстан облысында карантин режимі жеңілдетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен 28 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін өңірде 58 мыңнан астам адам жұмысқа оралды. Қалада тұрмыстық, құрылыс және киім-кешек сататын дүкендер біртіндеп ашылып жатыр. Мұнымен қоса, шаһарда қоғамдық көлік қатынасы қайтадан жанданды. Автобустар таңғы 06:30-дан кешкі 21:30-ға дейін қатынайтын болады. Дегенмен, санитарлық талаптар алынған жоқ. Яғни, көлікте жолаушылар саны көп болмауы қажет. Ал, қала маңындағы блокпосттар жұмыс істеп тұр. Себебі Солтүстік Қазақстан шекара орналасқан транзиттік өңір.

Руслан Әлішев, облыс әкімінің орынбасары:

- Бүгіннен бастап әсемдік салондары өз жұмысын бастайды. Тек алдын ала жазылу қажет. Құрылыс материалдары, авто сататын сауда орындары ашылды. Олардың жұмыс уақыты тағы 10-нан, 17-00-ге дейін. Балаларды дамыту орталықтары іске қосылып жатыр. Халықтың саябақтарға шығып демалуыларына да рұқсат етіледі. Тек бір отбасынан үш адамнан аспауы керек. Мұнымен қоса кәсіби спортшылардың жаттығуларына жағдай жасалып отыр.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

 

 

Хабар 24 телеарнасы