425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіледі

  • 706
  • UPD: 13:47, 12.05.2020
Ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіледі

««Ардагерлер туралы» жаңа заң тәжік-ауған шекарасын күзеткен, Қарабахтағы ұлтаралық қақтығыстарды реттеуге қатысқан, өзге де кикілжің ошақтарында болған азаматтардың еңсесін көтеріп, мәртебесін айқындап берді», - дейді батысқазақстандық ауған соғысының ардагері Беркінғали Ғабделов.

Бүгінде өңірде 737 интернационалист жауынгер бар. Олар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген, түрлі әлеуметтік жеңілдіктерді пайдаланып келеді. Енді осындай қолдауға азаматтық борышын адал атқарған өзге де азаматтар ие болмақ.

Беркінғали Ғабделов, Ауған соғысы ардагерлерінің облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Тәжік-ауған шекарасында болған жігіттерде бұрын жеңілдік болған жоқ қой. Қазір оларда бір-екі көлігі болса, қайсысына көбірек төлейтін болса, соны өзі таңдайды. Бір көлікке салық төлемейді жылына. Сосын ай сайын заңда қанша АЕК көрсетілген, сол шотына түсіп тұрады.

Хабар 24 телеарнасы