420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да биыл егін егу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

  • 298
ШҚО-да биыл егін егу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Шығыс Қазақстан облысында егін егу жұмыстары жылдағыға қарағанда қарқынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күн райының қолайлы болуы шаруаларға үлкен сеп болды. Егістік басындағы қарбалас сәуір айының соңында басталып кетті. Сондықтан диқандар егін алқабының көлемін, өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге арттырды. Мәселен, бүгінде жаздық бидайдың үштен бір бөлігі себіліп қойған. Жалпы 180 мың гектар жерге дәнді дақылдар егілді, бұл жоспардың 35%-і деген сөз. «Күнбағыс егу бойынша да көрсеткіш жақсы», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы мамандары. Олардың айтуларынша, биыл өлкеде 1 миллион 100 мың гектар жерге егін егу жоспарланып отыр. Соның ішінде өңір үшін тиімді саналатын соя мен жүгері егуге ерекше маңыз берілмек.

Владимир Гайламазян, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Соя мен жүгері өсіру өте тиімді, бұны бүкіл әлем мойындады. Ал, біздің өңір үшін бұлар жаңа дақылдар. Өйткені аймақ бұндай өсімдіктерді өсіруге дайын емес, дегенмен, облыстағы оңтүстік өңірлерден бастап көрмекпіз. Сондықтан өз ауа райымызға бейімдеп аламыз деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы