432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында 136 миллионға жуық мемлекет қаржысы үнемделді

  • 340
  • UPD: 15:30, 12.05.2020
Маңғыстау облысында 136 миллионға жуық мемлекет қаржысы үнемделді

Маңғыстау облысында кейбір мекемелер мемлекеттік сатып алулар кезінде тауарлар мен қызмет бағасын тым жоғары көрсеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Заңбұзушылықтарды мониторингтік тексерулер анықтап берді. Нәтижесінде бастапқы баға бірнеше есе төмендетілді. Мәселен, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы сатып алмақ болған тауар құны 2 млн 300 мың теңгеге азайтылған. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласында 133 миллионнан астам теңге мемлекет қаржысы үнемделді. Бұл қаражат төтенше жағдай кезінде салауатты өмір салтын насихаттайтын көпшілік шаралар өткізуге қажет болған екен.

Ерлан Сейсеналиев, ҚР СЖҚІҚА облыстық департаментінің аға офицері:

- Біздің тарапымыздан денсаулық сақтау басқармасына мемлекеттік сатып алулар кезінде ұсынылған тауар мен қызмет бағасын қайта қарап, өзгерту үшін қызметтік хат жіберілді. Нәтижесінде заңбұзушылық анықталған мемлекеттік сатып алулар тоқтатылды. Аумақтық инспекция болса, арнайы мақсаттағы сырт киімнің бір данасын 58 мың теңгеден сатып алмақ болған. Мамандардың араласуымен бұл баға 15 мың теңгеге төмендетілді.

Хабар 24 телеарнасы