421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мақтааралдан 152 оқушы шипажайға жіберілді

  • 347
  • UPD: 20:44, 12.05.2020
Мақтааралдан 152 оқушы шипажайға жіберілді

Бүгін Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен бес ауылдың балалары «Сарыағаштағы» емдік-сауықтыру шипажайына аттанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлік есепте тұрған және көп балалы отбасыдан шыққан 152 оқушысы 15 күн бойы алаңсыз демалады. Санаторийде оқушыларды қашықтан білім беру ісі жалғасын тауып, еш кедергісіз оқу жылын аяқтап шығады. Аудандағы су басқан Жеңіс, Нұрлы жол, Жаңатұрмыс, Өргебас және Фердауси ауылдарындағы 5 мектеп оқушыларының бәрі жазғы демалыспен қамтылады. Ауыл тұрғындарының баспанасы толық біткенше, балалары жаз бойы Қазақстан аумағындағы сауықтыру лагерлерінде болады.

Ардақ Садықова, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

– Ең басты мақсат – сол 5 ауылдағы 1820 баланы жазғы сауықтыру-демалыс лагерлеріне жіберіп, жағдайын жасау. Білім және ғылым министрілгі де бізді қолдап, осы балаларды «Балдәурен» лагеріне алдағы уақытта демалдыру жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы