427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Теңіз» кен алаңында індетке байланысты 16 мыңнан астам жұмысшы үйіне қайтарылды

  • 345
  • UPD: 20:48, 12.05.2020

Атырау облысына қарасты «Теңіз» кен алаңындағы карантиндік орталықта 1800 адам жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар негізінен COVID-19 індетін жұқтырған азматтармен жақын қатынаста болғандар. Жалпы, Теңіздегі жұмысшылар қалашығынан 17 ауру ошағы анықталды. Қазір кеніште 270 науқас тіркеліп, ем алуда. Оның 59-ы жазылып шыққан. Қауіпті індеттің алдын алу мақсатында 16 мыңнан астам жұмысшы тұрғылықты жерлеріне қайтарылды. Қалғандары жақын күндері апатты аймақтан шығарылады.

Темірбек Мусағалиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

– Егер тек «Теңізге» тоқталатын болсақ, сәуір айының аяғынан бастап тәулігіне 20-25 науқастан тіркеліп келеді. Олардың 50 процентінде ауру белгіліері жасырын түрде жүрген. Яғни, адам өзін қалыпты жағдайда сезінеді, ал тексергенде, олардан коронавирус ауруының белгілері шығып жатыр.  

Хабар 24 телеарнасы