423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейліктер Мақтаарал тұрғындарына арнап жылу жинап жатыр

  • 399
  • UPD: 21:08, 12.05.2020
Семейліктер Мақтаарал тұрғындарына арнап жылу жинап жатыр

Бүгін Семейде су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына көмек беру акциясы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орталық мешіт алдында азық-түлік пен аса қажет заттар жиналып жатыр. Мамырдың 14-не дейін мешіт алдында жүк көліктері тұрып, тұрғындардан гуманитарлық көмекті қабылдайтын болады. Сосын Мақтааралға жіберіледі. Су тасқынынан зардап шеккендерге тез бұзылмайтын өнімдерді, яғни, киім, жастық, көрпе және басқа қажетті заттарды әкелуге болады. Сондай-ақ «Зекет» қоры арқылы қаржылай көмек көрсетуге де мүмкіндік бар. Игі істің басы-қасында жүргендер қарапайым халық белсенділік танытып жатқанын айтады. 

Бекзат Баешов, орталық мешіттің найб имамы:

– Семей халқының еріктілерінің арқасында ішіп-жем тамақтар, киім және тұрмыстық техниканы азаматтар жиналып, өз еркімен апарып беруге бел буып жатыр. Құдай қаласа 13-не дейін жалғасады, 14-і таңертең сапарға шығамыз.

Хабар 24 телеарнасы