418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін әлем медбике күнін атап өтеді

  • 225
  • UPD: 22:36, 12.05.2020

Қазіргідей қысыл-таяң кезеңде бұл мамандардың еңбегі айрықша мәртебеге ие.

Дамира Бекмагамбетова 6 жыл бойы медбике болып жұмыс істейді. Ол қалалық №3 перинаталдық орталықта шала туған сәбилерге ерекше күтім жасайды.  Ерте туған нәрестелер сапалы емді және ұзақ уақыт бойы бақылауды қажет етеді,-  дейді ол. Ақ халатты абзал жанның күнделікті күні осылай басталады.

Ол әрбір сәбиге ұдайы көңіл бөліп, күнделікті жағдайын бақылайды. Баланың температурасын 3 сағат сайын тексеріп, артериялық қан қысымын өлшейді.

Дамира Бекмагамбетова, аға мейіргер:

– 3 сағат сайын балаларды ана сүтімен тамақтандырамыз. Бізде шала туған балалардың саны көп. Олар перзентханадан түседі. Салмағы 500 грамнан жоғары.  Кемінде 3-4 ай біздің қарауымызда болады.

Дамира мәртебелі мамандықты 8 сыныптан бастап таңдаған. Ол кішкентайынан адам өміріне араша түсіп, қоғамға адал қызмет етуді армандады. «Әр дәрігер психологиялық тұрғыдан өзін дайындауы қажет», – дейді ол.

Дамира Бекмагамбетова, аға мейіргер:

– Әрине, бастапқыда өте қиын болды. Тіпті көз алдымда нәресте шетінеп кетті. Қатты қынжылдым. Дегенмен адам өміріне араша түсіп, оларды аман алып қалу менің басты мақсатым. Өзімді басқа салада елестете алмаймын.

Орталықта мейіргерлер күні-түні жұмыс істейді. Олар өз жұмыстарына тиянақты және жауапты болуы қажет.

Мақпал Садуақасова, бас мейіргер:

– Осы біздің мекемемізде 15 бөлімше бар. Оның ішінде босану залы, балалар реанимациясы, ана мен бала бөлімшесі бар. Қол астымда 15 аға медбикелер бар. Бас медбике болғаныма 15 жыл болды. Талай жас балалар өсіп шығып жатыр. Медбикелердің жұмысы қиын деп ойлаймын. Өздерінің жұмыстарына жауапты, өз іні-қарындастарына қарағандай қарайды. Түні-күні жұмыс істегенде көз ілмейді, балалардың жанынан шықпайды.

Шала туған шақалақтың өмірі үшін күресіп жүрген медбикелердің еңбегі өлшеусіз. Ақ халатты абзал жандардың жанкешті қызметі қандай құрметке де лайық. Дәрігер мамандығын таңдаған барша жанды төл мерекесімен құттықтаймыз.   

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы