412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда 4 мыңнан астам тұрғынның коммуналдық қызмет шығыны өтеледі

  • 316
  • UPD: 23:13, 12.05.2020
Атырауда 4 мыңнан астам тұрғынның коммуналдық қызмет шығыны өтеледі

Атыраулықтардың коммуналдық шығыны осы айдың аяғынан бастап мемлекет тарапынан өтеле бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары хабарлады.  Атырау қаласы бойынша 4 мыңнан астам тұрғыннан өтініш түскен. Мемлекеттік көмек тек карантиндік аймақта қалған үйдің тұрғындарына тиесілі. Сондай-ақ әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың да коммуналдық қызметке борышы мемлекет есебінен жабылады. Қазір қала бойынша 26 мыңға тарта адамның тізімі жасалды.  

Миржан Мұқасов, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

– Қазіргі жағдайда қалалық ТҮКШ және Автомобиль жолдары бөлімі базасынан atyrau.komek109.kz. деген сайт ашылған болатын. Сол сайт арқылы өзіне тиесілі 15 мың теңге комм.қызмет ақысын тұрғындар ЖСН теріп, әрі қарай абоненттік шотын теру арқылы өз өтінімін тапсыра алады.тұр

Хабар 24 телеарнасы