412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысындағы өзен-көлдерден 130 бас жылқының өлексесі шығарылды

  • 171
  • UPD: 23:24, 12.05.2020
Қостанай облысындағы өзен-көлдерден 130 бас жылқының өлексесі шығарылды

Күн астында шіріп, құрт пен құсқа жем болған жануарлардың жағымсыз иісіне Сарыкөл мен Алтынсарин ауданының тұрғындары шағымданған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ірі қара мал мен жылқылар өткен айда өңірде болған қарлы боранда жоғалып кеткен. Жануарлардың бір бөлігі алқаптарда, мұзы еріген өзен-көлдерде қырылды. Жергілікті әкімдік шіріп жатқан өлекселердің көзін жоюға әрекет жасап жатыр. Дегенмен су айдынында, қалың батпақта қалған өлекселер әлі бар.

Мырзағали Омаров, Златоуст ауылдық округінің әкімі:

– Үш жылқы суда жатыр, сегіз жылқы батпаққа батып кеткен. Оның қасына баруға шама жоқ. Тростарды жинап, тракторлар келіп шамасы 50-60 метрден құрғақ жерден суырып алайын деп жатыр. Енді бүгін осы мәселені шешеді. Осы жылқыларды шығарып тастайды. Оны алып кетіп станцияға апарып соның ішінде күйдіреді.

Хабар 24 телеарнасы