405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулық 4 мың тұрғынның коммуналдық қызмет шығыны өтеледі

  • 140
  • UPD: 08:11, 13.05.2020
Атыраулық 4 мың тұрғынның коммуналдық қызмет шығыны өтеледі

Атыраулықтардың коммуналдық шығыны осы айдың аяғынан бастап мемлекет тарапынан өтеле бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары хабарлады. Атырау қаласы бойынша 4 мыңнан астам тұрғыннан өтініш түскен. Мемлекеттік көмек тек карантиндік аймақта қалған үйдің тұрғындарына тиесілі. Сондай-ақ әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың да коммуналдық қызметке борышы мемлекет есебінен жабылады. Қазір қала бойынша 26 мыңға тарта адамның тізімі жасалды.

Миржан Мұқасов, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

– Қазіргі жағдайда қалалық ТҮКШ және Автомобиль жолдары бөлімі базасынан сайт ашылған болатын. Аtyrau.komek109.kz сайты арқылы өзіне тиесілі 15 мың теңге коммуналдық қызмет ақысын тұрғындар ЖСН теріп, әрі қарай абоненттік шотын теру арқылы өз өтінімін тапсыра алады.

Хабар 24 телеарнасы