418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде құмар ойын аймақтары құрылмайды

  • 215
  • UPD: 13:49, 13.05.2020
Елімізде құмар ойын аймақтары құрылмайды

Казино мен мен ойын автоматтары залдары орналасатын арнайы аймақтар құрылмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Парламент Мәжілісінің депутаттары елімізде тағы 3 аймақ құру туралы ұсынысты қолдамады. Мәжіліс отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, елде құмар ойынына салынғандар аз емес. Бұл салада қылмыс та азаймай тұр. Соңғы 5 жылда букмекерлік контораларға 200-ден астам қарақшылық шабуыл жасалып, тонау деректері тіркелген. Тек биылдың өзінде заңсыз бизнес ұйымдастыру бойынша 22 қылмыстық іс қозғалған. Ал құмар ойынына салынғандардың нақты санын ешкім айта алмайды. Егер жаңа заң жобасы қабылданса, ойынға тәуелді жанның туыстары сот арқылы оған шектеу қоя алады. Және ойын ставкаларын есепке алу орталығы құру ұсынылған. Яғни құзырлы органдар орталық арқылы бақылау жүргізеді. Бұл бизнесті көлеңкеден шығаруға да мүмкіндік болады. Заң жобасы оқылымда мақұлданды.

Хабар 24 телеарнасы