Атырау облысында COVID-19 жұққандар санының неліктен күрт көбейгені белгілі болды
- 492
- UPD: 15:29, 13.05.2020

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында бірден 90 жұмысшыдан коронавирус анықталған, деп хабарлайды Жедел штаб.
Штаб мәліметінше, 90 науқас Теңіз кен орнындағы мердігер ұйымда жұмыс істейді. Олар 83 ер адам мен 7 әйел адам.
Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болғандардың барлығы анықталып, медициналық бақылауға алынды. Коронавирус ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүріп жатыр.
13 мамырдағы мәліметке сәйкес, Атырау облысында COVID-19 жұқтырғандардың саны 432-ге жетті, олардың 359-ы Теңіз кен орнының жұмысшылары.