418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантин кезінде Алматыда электр қуаты мен су шығыны азайды

  • 183
  • UPD: 16:31, 13.05.2020
Карантин кезінде Алматыда электр қуаты мен су шығыны азайды

Алматыда электр энергиясын тұтыну 20% төмендеді.

Суды тұтыну 10%-ға азайған. Энергия тиімділігі және инфрақұрылымды дамыту департаменті бұл көрсеткіштің шағын және орта бизнестің жабылуына байланысты екенін айтты, деп хабарлады InAlmaty.kz.

«Тұтыну көлемінің төмендеуі қаладағы өнеркәсіптің, сондай-ақ шағын және орта бизнестің тоқтауына байланысты», - деді Энергия тиімділігі және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Әсет Масабаев.

Сонымен қатар коммуналдық төлемдердің кейінге қалдырылғанына қарамастан, көптеген алматылықтар барлық қызметке ақы төлеуді жалғастырып жатқанын айтып өтті. Төлемегендердің үлесі небәрі 5-7% құрады.

Хабар 24 телеарнасы